12–18 қазан аралығында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрестен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+.

Дүбірлі додада Қазақстан намысын грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресінен төмендегі спортшылар қорғайды.

Грек-рим күресі:

55 келі — Арсен Жұма
60 келі — Айбек Айтбеков
63 келі — Рауан Тұрысбек
67 келі — Төлеген Әмірханов
72 келі — Юсуф Ашрапов
77 келі — Ақжан Ықыласов
82 келі — Диас Қалтай
87 келі — Темірлан Тұрдақын
97 келі — Нұрасыл Аманалы
130 келі — Джохар Ұзаров

Еркін күрес:

57 келі — Мерей Базарбаев
61 келі — Нұрданат Айтанов
65 келі — Шаттық Алайдар
70 келі — Майс Әлиев
74 келі — Нұрдәулет Сейлбеков
79 келі — Ерхан Әбіл
86 келі — Абылайхан Өзембаев
92 келі — Камиль Куруглиев
97 келі — Нұрдәулет Бекенов
125 келі — Әліжан Сәлімжан

Әйелдер күресі:

50 келі — Лаура Ғаниқызы
53 келі — Динара Дауылқызы
55 келі — Шұғыла Өмірбек
57 келі — Анна Стратан
59 келі — Виктория Хусаинова
62 келі — Тыныс Дүбек
65 келі — Жаңыл Бекен
68 келі — Ұлдана Тілеухан
72 келі — Жібекжан Сабыржанова
76 келі — Алина Ертостік