Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында бақ сынады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Шерзод финалда Әзірбайжан өкілі Ахмад Юсифовқа жол берді.

Осылайша Шерзод Давлатов әлем чемпионатын күміс жүлдемен қорытындылады.