Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері жапониялық Рюдзю Нагаяманы жеңді.

Осылайша Шерзод Давлатов әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды.