Стамбұлдың «Бешикташ» футбол клубы Түркия кубогінің иегері атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ел кубогінің финалдық ойыны 23 мамырда Стамбұлда өтті. «Бешикташ» «Трабзонспорды» қабылдап, 3:2 есебімен басым түсті.

Қос команда бірінші таймда бір-бір голдан соқты. Алдымен қонақтар сапынан 13-минутта Пол Онуачу көзге түссе, тайм аяқталар тұста Рашид Геззаль есепті теңестірді.

Екінші таймда да командалар ашық ойын көрсетті. 54-минутта «Бешикташ» ойыншысы Салих Учан дәл соққысымен командасын алға шығарған. Ал, 89-минутта «Трабзонспор» сапынан Николь Пепе гол соғып, жанкүйерлеріне үміт сыйлады.

Ойынның негізгі бөлігі тең аяқталып, жарты сағаттық овертаймда «Бешикташтың» мерейі үстем болды. 94-минутта соғылған голдың авторы – Әли әл-Моатасембелла.

Айта кетейік, Зайнутдинов негізгі құрамда алаңға шыққан жоқ. Матч соңына дейін команданың бас бапкері оны қосалқы құрамда ұстады.