«Ақтөбе» командасының көшбасшысы Бауыржан Байтана Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұқбатында команданың дайындығы туралы ой бөлісті.

«Жиын әдеттегідей өтіп жатыр. Бақылау ойындары, жаттығулар ойдағыдай. Ең бастысы – чемпионатқа дайын болуы қажет. Осыдан 2-3 күн бұрын кішігірім жарақат алып қалдым, осыған байланысты медициналық штаб үзіліс жасауды сұрады. Махачкаланың «Динамосы» - тәжірибелі команда, оларда бірінші айналым аяқталды, сол себепті футболшылары бабында. Қарсылас Ресей бірінші лигасында көш бастап келе жатыр. Бас бапкер теорияда ойынға қатысты ойларымен бөліседі. Парфеновпен қарым-қатынас жақсы, өзіміз сияқты қарапайым кісі. Ол бәрімен сөйлесіп, танысып жатыр. Бәрі жақсы. Жасалып жатқан жұмыстың нәтижесін маусымның соңында көрерміз», - деді тәжірибелі жартылай қорғаушы.