17 қазанда Алматыда ATP 250 санатындағы халықаралық Almaty Open теннис турнирінің іріктеу кезеңі басталды. Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев іріктеу жарысының бірінші айналымында өнер көрсетті.
ATP әлемдік рейтингінде 503-орында тұрған 25 жастағы қазақстандық теннисші ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуын (wild card) алып, іріктеу кезеңіне қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Бірінші айналымда Жұқаевтың қарсыласы әлемдік рейтингте 98-орында тұрған және іріктеу кезеңінде екінші нөмірмен тіркелген австралиялық Адам Уолтон болды.
Кездесу австралиялық теннисшінің пайдасына 6:1, 7:5 есебімен аяқталды. Матч 1 сағат 28 минутқа созылды.
Ойын барысында Жұқаев 13 эйс жасап, үш қос қателік жіберді және бірінші доп берудегі ұпайлардың 69 пайызын жеңіп алды. Сонымен қатар қазақстандық теннисші үш брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, Бейбіт Жұқаев Almaty Open ATP 250 турниріндегі өнерін аяқтап, жарыстың негізгі кезеңіне өте алмады.
Тек Beeline клиенттері ғана алғашқы ғарыштық мобильді байланысты Direct to Mobile технологиясының арқасында Starlink жерсеріктері арқылы бүкіл Қазақстан аумағында пайдалана алады
Forte. АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАЙМЫЗ.
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз
