17 қазанда Алматыда ATP 250 санатындағы Almaty Open теннис турнирінің іріктеу кезеңі басталады. Sport+ Qazaqstan телеарнасы бірінші кортта өтетін барлық матчты тікелей эфирде көрсетеді.
Көрермендер іріктеу кезеңінде төртінші нөмірмен тіркелген канадалық Габриэль Диаллоның, сондай-ақ бесінші нөмірлі Николоз Басилашвилидің кездесулерін тамашалай алады.
Бұдан бөлек, іріктеу кезеңіне қазақстандық теннис жанкүйерлеріне жақсы таныс Петр Бар Бирюков та қатысады. Ол Қазақстанда өтетін «Челленджер» және WT сериясындағы турнирлерге тұрақты түрде қатысып келеді.
Sport+ Qazaqstan телеарнасындағы матчтар кестесі:
11:00 — ATP Almaty Open. Габриэль Диалло (Канада) — Харольд Майо (Франция)
12:30 — ATP Almaty Open. Таро Даниэль (Жапония) — Николоз Басилашвили (Грузия)
14:00 — ATP Almaty Open. Лука Павлович (Франция) — Илья Симакин (Ресей)
16:00 — ATP Almaty Open. Петр Бар Бирюков (Ресей) — Стефанос Сакелларидис (Грекия)
Барлық кездесуді Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
