9–11 қазан аралығында Орал қаласында 10 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Road to TOP 8 сериясының G3 санатындағы Uralsk Masters 10&Under республикалық турнирі өтті. Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен 60-тан астам жас теннисші қатысты.
Үш күнге созылған турнир барысында қатысушылар жекелей сында жүлделі орындар үшін бақ сынады. Бұл жарыс жас спортшыларға өз шеберліктерін шыңдап, еліміздің басқа өңірлерінен келген қарсыластарымен кездесіп, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.
Қыздар арасындағы жарыста Ақтөбе облысының өкілі Айлин Даулеталина жеңімпаз атанды. Екінші орынды оның жерлесі Севиль Даулеталина иеленсе, Көкшетау қаласынан келген Екатерина Анисимова қола жүлдеге қол жеткізді.
Ұлдар арасында Астана қаласының өкілі Артемий Малышев бірінші орын алды. Атырау облысынан келген Сұлтанмұрат Қизатбай күміс жүлдегер атанса, Ақтөбе облысының өкілі Олжас Дузбаев үшінші орынға тұрақтады.
Road to TOP 8 сериясындағы республикалық турнирлер Қазақстандағы балалар теннисін дамыту жүйесінің маңызды бөлігі болып саналады. Мұндай жарыстар жас теннисшілердің тәжірибе жинақтауына, ойын шеберлігін жетілдіруіне және алдағы жоғары деңгейдегі жарыстарға дайындалуына ықпал етеді.
Тек Beeline клиенттері ғана алғашқы ғарыштық мобильді байланысты Starlink жерсеріктері арқылы бүкіл Қазақстан аумағында пайдалана алады
