Танымал инсайдер Фабрицио Романо ағылшындық «Челси» футбол клубының алматылық «Қайраттан» ауысқан жас қазақстандық шабуылшысы Дастан Сәтпаевпен келісімшартқа қол қоюы туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Sport+ kazfootball.kz сілтеме жасап.

«Челси» әрдайым болашақ таланттармен жұмыс істейді! Олар 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаевты қол қойғызғаннан кейін, оның ерекше қисиеттері бар екеніне сенімді», — деді Романо өзінің YouTube-арнасында.  

Еске сала кетейік, Дастан Сәтпаев «Челсиге» 18 жасқа толғанда қосылады. Әзірше ол Қазақстан чемпионатында «Қайрат» сапында ойнайды.