Белградтық «Црвена Звезда» клубының академия футболшылары Алматыда 20 шілдеде «QJL Жұлдыздары» құрамасына қарсы жолдастық матч өткізеді, деп мәлімдеді QJL лигасының президенті Рохус Шох Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында:

«20 шілдеде Хан-Тәңірінде әлемнің ең мықты академияларының бірі – «Црвена Звездаға» қарсы «QJL Жұлдыздары» құрамасы матч өткізуді жоспарлап отырмыз. Біз испандық клубтар – «Реал», «Атлетико» командаларымен келіссөздер жүргіздік, бірақ кеш бастадық».