Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Мәскеуде (Ресей) өткен турнирде бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Асаубаева «Аэрофлот опен 2024» шахмат фестивалінде бірінші орынды иеленді.
Жарысқа FIDE рейтингінде 2300-ден астам балл жинаған шахматшылар қатысты. Сонымен қатар, турнирде 15 жасқа дейінгі қатысушылар да өнер көрсетті.
Асаубаевамен бірге фестивальде Қазбек Нөгербек (18-ші орын), Даниал Сапенов (21-ші), Рамазан Жалмаханов (38-ші), Әлішер Сүлейменов (65-ші) еліміздің намысын қорғады. Турнирге жалпы 500-ден астам адам қатысты.
