Бірінші лиганың 2023 жылғы маусымның үздік сұрмергені Николай Агапов Малайзия чемпионатына ауысты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

30-жасар «Ақжайықтың» шабуылшысы Николай Агапов Малайзия жоғарғы лигасының өкілі «Шри Паханг» командасымен келісімшарт жасасты.

Өткен маусымда Агапов оралдық командасының сапында 23 гол соғып, Бірінші лиганың үздік сұрмергені атанды.