Сенегал астанасы Дакарда өтетін 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде ел атынан 18 қазақстандық 11 спорт түрі бойынша сынға түседі.

Қазақстан құрамасының тізімі:

Таеквондо: Любовь Юн

Триатлон: Рамазан Әйнегов

Жеңіл атлетика: Маргарита Косинова (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Максим Сажнев (диск лақтыру)

Спорттық гимнастика: Ева Тациева, Андрей Терман

Бокс: Ақнұр Тұрсынғали, Марал Төлепберген, Бибарыс Әшірбай

Тасжолдағы велоспорт: Әнел Тәшбай, Глеб Новиков

Дзюдо: Фатима Сұпығалиева

Жағажай волейболы: Оразалы Сағыныш, Әлихан Ағабек

Жүзу: Анатолий Руденко, Дарья Чеснокова

Семсерлесу: Айбар Қайым (сабля)

Брейкинг: Айзара Жұмабекова

Айта кетейік, Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасы 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді. Бұл — Африка құрлығында ұйымдастырылатын алғашқы Олимпиада ойындары.