Қазақстандық каратэшілер Дамир Әмірәлі мен Әсел Қанай Каирде (Египет) өткен карате бойынша Әлем чемпионатында қола медальдар жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.
Дамир Чили спортшысы Фрейре Фуэнтосадан басым түсті. Қарсыласы дөрекі ереже бұзғаны үшін дисквалификация алды.
Ал Әсел украиналық Александра Шолохованы 3:2 есебімен ұтты.
