Чехияның Френштат қаласында шаңғымен трамплиннен секіруден FIS Cup кезеңі өтті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан атынан екі спортшы — Данияр Васильев пен Илья Мизерных өнер көрсетті.

Данияр Васильев бірінші орын алды. Сонымен қатар ол 109 метрге секіріп, трамплиннің рекордын жаңартты.

Илья Мизерных төртінші орынға ие болды.