Бадминтоннан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Бангладештің Дакка қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде алтын медаль үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жекелей сында өткен жартылай финалда қазақстандық спортшы малайзиялық Кон Джон Суинді жеңді.

Кездесу 2:0 есебімен аяқталды (21:17, 21:18).

Шешуші кезеңде Панарин Малайзия өкілі Мохаммад Рушданмен кездеседі.