Патрик Виейра бапкерлік ететін «Дженоа» Италия кубогының 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.

Жарыстың 1/16 кезеңінде олар «Эмполиден» 3:1 есебімен басым түсті. «Дженоа» сапында Мортен Френдруп, Алессандро Маркондалли және Джефф Эхатор гол соқты. Қонақтардан гол авторы — Эдуардо Сапарити.