Гонконгта өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде Қазақстан командасы бір қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Командалық сында Қазақстан Түркменстанды 4:2 есебімен жеңіп, қола медаль жеңіп алды. Біздің спортшылар жартылай финалда Жапонияға есе жіберген болатын.

Ал жекелей сында отандық дзюдошылар үш қолаға қол жеткізді.