Қазақстандық балуандар Елдос Сметов пен Талғат Орынбасар Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Елдос 60 келі салмақта ширек финалда әзірбайжандық Балабей Агаевтан жеңілді. Дегенмен жұбаныш белдесуінде Украина өкілі Артем Лесюкті тізе бүктірді.
Дәл осы салмақта Талғат Орынбасар жартылай финалда тәжікстандық Лоик Кудбудиновке есе жіберді.
Осылайша, Елдос Сметов пен Талғат Орынбасар қола жүлде үшін өзара күш сынасады.
66 келіде Ғұсман Қырғызбаев ширек финалда Искандар Махмадхожазодаға (Тәжікстан) жол берді. Сондай-ақ жұбаныш белдесуінде отандасымыз әзірбайжандық Рашад Елькиевтен жеңіліп, жарысты аяқтады.
