Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры қарсаңында «Елімай» сырт алаңда «Атырауды» жеңіп, өз жанкүйерлерімен көтеріңкі көңіл күйде қауышпақ. Семейлік команда «Спартак» стадионына еурокубок жолдамасына таласу мүмкіндігін сақтап оралады.

Дегенмен Андрей Карпович шәкірттері төртінші орыннан жеті ұпайға қалып келеді. Егер «Елімай» «Ұлытауға» қарсы кездесуде жеңіліс тапса, турнир кестесіндегі төртінші орын үшін күресті жалғастыру мүмкіндігінен біржола айырылады.

Ал жезқазғандық клуб маусымдағы турнирлік міндеттерін орындап қойған. Соған қарамастан Нұркен Мәзбаев шәкірттері өткен турда «Оқжетпесті» жеңді. Айта кетейік, көкшетаулық команда «Елімай» және «Ақтөбемен» төртінші орын үшін таласта басты фаворит саналады.

Кездесу сағат 16:00–де басталады.

Матчтың тікелей трансляциясын Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.