Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері, неміс маманы Бернд Шторк «Генчлербирлиги» клубының тізгінін ұстады. Ол Түркия Суперлигасындағы алғашқы кездесуін өткізіп те үлгерді. Шторктың жетекшілігіндегі команда турнир кестесінің көшбасшысы «Амедспормен» 2:2 есебімен тең түсті.
Енді неміс маманын үлкен сынақ күтіп тұр. Оның командасы Түркияның бірнеше дүркін чемпионы «Галатасараймен» кездеседі. Қарсылас сапында шабуыл шебінде Виктор Осимхен өнер көрсетсе, команданы тәжірибелі бапкер Окан Бурук жаттықтырады.
Кездесу сағат 18:00–де басталады.
Матчтың тікелей трансляциясын Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.
