«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының кезекті турын сырт алаңдағы сенімді жеңіспен аяқтады. Шымкенттік команда «Қайсарды» 4:1 есебімен ұтты.
Кездесуде Бьорн Йонсен хет-трик жасап, үш гол соқты. Ал «Ордабасының» тағы бір голын Давид Абагна өз еншісіне жазды.
Алаң иелері сапында бразилиялық Клайдер мергендігімен көзге түсті.
