Семейдің «Елімай» командасы 30 жастағы нигериялық қорғаушы Самюэль Одеоибомен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Соңғы үш маусымда Самюэль Одеоибо Литва чемпионатының «Хегельман» клубында ойнап, 78 ойында 8 гол соқты.
Қорғаушы «Елімайға» еркін агент ретінде ауысып отыр.
