23 жастағы қорғаушы Дэвид Майком «Елімайдың» қатарын толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қорғаушы семейлік клубта қаралымда жүр.

Дэвид – Бразилия футбол мектебінің түлегі. Бұған дейін ол бразилиялық «Капитал», «Итаре» және португалиялық «Синтренсе» ұжымдарында ойнаған.

Майком өткен маусымды литвалық «Джюгаста» болып, аталмыш клуб үшін 18 ойын өткізіп, екі гол соқты.