73 келі J1 дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық дзюдошы Ерғали Шамей 2024 жылғы Паралимпиаданың күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Финалда қазақстандық спортшы румын Флорин-Александру Болога кездесіп, оған жеңілді.
Бұл медаль Қазақстан құрамасы үшін жетінші, ал парадзюдода екінші болды.
