Оқ атудан Паралимпиада Ойындарының күміс жүлдегері атанған Еркін Ғаббасов өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жарыс ойдағыдай өтті. Тек финалда сәл қобалжыдым. Қарсыласым кореялық спортшы - әлем рекордының иегері.

Әлі де дайындаламын, әсіресе халықаралық аренада тәжірибе арттыру керек.

Қолдау көрсеткен барша халқыма алғыс білдіремін! Осындай қолдау болса, әлі де алтын жүлдеге қол жеткізетініме сенемін, - деді Ғаббасов.