«Астана» француз шабуылшысы Фабьен Уреганың клубтан кеткенін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Клубтың хабарламасында, команда мен ойыншы өзара келісім бойынша қоштасқаны айтылған.
«Астана» сапында француз 50 матч өткізіп, 1 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.
