Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінде алтыншы турында «Екібастұз» командасы көш басына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Екібастұздық футболшылар алтыншы турда сырт алаңда «Түркістан» клубынан 3:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Ал «Оқжетпес» командасы өз алаңында Өскеменнің «Алтай» клубын 2:1 жеңсе, алматылық «Қайрат-2» сырт алаңда «Ақтөбе-2» ұжымын 3:0 есебіен тізе бүктірді.
Ал қызылордалық «Қайсар-2» мен Түркістан облысының «Арысы» 1:1 есебіне қанағат білдірді.
10 мамырда, яғни бүгін «SD Family» мен «Ақжайық», «Хан Тәңірі» мен «Тараз», «Жетісай» мен «Каспий», «Қыран» мен «Ұлытау» командалары кездеседі.
