Бүгін Мысыр астанасы Каирде спорттық гимнастикадан әлем кубогының шешуші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+.

Ұлттық құрама спортшысы Асан Салимов тіреніп секіру жаттығуында финалда бақ сынап, күміс медаль жеңіп алды. Отандасымыз ақтық сайыста 14.083 ұпай иеленді. 

Жүлдегерлер: 

1. Артур Давтян (Армения) — 14.666 балл

2. Асан Салимов (Қазақстан) 

3. Йонас Данек (Чехия) 14.016 ұпай

Осы дисциплинада тағы бір отандасымыз Алтынхан Темірбек үздік бестікке кірді. 

Бұл Кирде Қазақстан құрамасының қоржынына түскен 3-жүлде. Кеше тұтқалы ат снарядындағы финалда Зейнолла Ыдрысов күміс, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов қола медаль иеленген.