Қазақстан футбол федерациясы кеңсесінде жаңа даму бөлімінің басшысы ретінде Раймонд Аттевелд таныстырылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Раймонд Аттевелд 1966 жылы 8 қыркүйекте Амстердамда дүниеге келген. Футбол мансабында ол голландиялық «Харлем», «Рода», «Витесс», англиялық «Эвертон» мен  «Бристол» клубтарында ойнаған. 

Сондай-ақ «Шахтер» (Украина), «Маккаби Нетания», «Маккаби Тель-Авив» (екеуі де Израиль), АЕЛ Лимассол (Греция) клубтарында жұмыс істеген.

2013-2016 жылдары «Қайрат» футбол клубының академиясында жұмыс атқарған.