«Ақтөбе» бас бапкері Игорь Леонов клубпен келісімшартты ұзарту туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport+.

«Мүмкін, мен оқыдым, бірақ келісімшарт туралы маған ешкім ештеңе айтқан жоқ», — деді бапкер.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ақтөбелік клуб Леоновпен келісімшартты келесі жылға созуға ниетті екені туралы ақпарат шыққан еді.