Астанада лиганың мерейтойына арналған ауқымды «Alash Pride» 108 турнирі өтті.

Басты жекпе-жекте Дамир «Қазақ» Исмағұлов екінші раундта бразилиялық Алан Патрикті нокаутқа түсірді.

Қайрат Ахметов пен Генри Сехудо арасындағы жекпе-жекте төрешілер 8:4 есебімен жеңісті әйгілі америкалық спортшыға берді.

Екі жұлдызды грэпплинг жекпе-жегінде Арман Оспанов пен Ренан Баррао арасындағы қарсыласу тең нәтижемен аяқталды.

Сондай-ақ турнирде Саламат Исбулаев пен Ерхан Жұмағазы кезекті жеңістеріне қол жеткізді.