Алтын доп 2022 иегері Кәрім Бензема Сауд Арабиясынан кетуге ниетті.

Инсайдер Фабрицио Романо ақпаратына сүйенсек, жақын күндері француз «Әл-Иттихад» басшылығымен кездесіп, өз мәселесін талқыламақ. Қазіргі уақытта Бензема жаттығудан шеттетілгені белгілі.

Кәрім Бензема Сауд Арабиясына 2023 жылдың жазында көшті. «Әл-Иттихад» сапындағы 24 ойында ол 15 гол соққан.