Қазақстан әйелдер құрамасы керлингтен Харбинде (Қытай) өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында медаль үшін өнер көрсетуін жалғастыруда, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

13 ақпанда олар Гонконг құрамасымен кездесті. Матч толық 7 эндке созылып, қазақстандықтар 3:6 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы жартылай финалға жолдама алды. 

Айта кетейік, жартылай финал 13 ақпанда Астана уақытымен 16:00-де өтеді. Отандастарымыз Оңтүстік Кореяға қарсы ойнайды.