Кипрдің бірнеше клубы «Адана Демирспордың» 29 жастағы қазақстандық шабуылшысы Абат Айымбетовтің трансферіне қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Sport+.

Дереккөз мәліметінше, футболшыға Кипр клубтарының назары ауған.

Ағымдағы маусымда «Адана Демирспор» сапында Абат Аймбетов 14 матч өткізіп, 3 гол соқты. Бұған дейін футболшы «Астана», «Қайрат» және «Ақтөбе» клубтарының намысын қорғаған.