Қазақстандық Кирилл Герасименко өнер көрсететін Бременнің «Вердер» клубы үстел теннисінен Германия чемпионатында көш бастап тұр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір жоғары дивизиондағы 12 команда маусым соңында медальдар үшін сынға түсетін финалдық төрттікке ену үшін бақ сынауда.

Алты турдан кейінгі турнир кестесі төмендегідей:

1 орын — «Вердер» (Бремен): бес жеңіс, бір жеңіліс (5-1)

2 орын — FC TT (Саарбрюккен): 4-2

3 орын — TTC (Швальбе Бергнойштадт): 4-2

4 орын — «Боруссия» (Дюссельдорф): 4-2

5 орын — ТТС (Фульда-Маберцелль): 4-2

6 орын — ASC (Грюнветтерсбах): 3-3

7 орын — TTF (Оксенхаузен): 3-3

8 орын — SV (Мюльхаузен): 3-3

9 орын — «Боруссия» (Дортмунд): 2-4

10 орын — TTC (Гренцау): 2-4

3 қарашада «Вердер» (Бремен) өз алаңында «Гренцау» командасымен кездеседі.