«Комо» Италия кубогының ширек финалында «Наполиді» жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында қонақтар 7:6 есебімен басым түсті.

Матчтағы есепті 39-минутта Батурина пенальтиден ашты. Үзілістен кейін бірден Вергара таразы басын теңестірді. 11 метрлік соққылар сериясында «Комо» салқынқандылық танытып, турнирдің келесі кезеңіне өтті.