Қазақстандық мерген Константин Малиновский Дели қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Әлем Кубогының Суперфиналында жүлдеге таласады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Спортты дамыту Дирекциясына сілтеме жасай отырып.
Константин 50 метр қашықтықтан 3 позицияда атудан іріктеу кезеңінде 589 ұпай жинап, 5-орынмен финалға шықты. Алда - финалдық бәсеке. Финал бүгін түсте өтеді, онда 8 үздік спортшы бақ сынайды. 
Айта кетейік, Үндістандағы Суперфиналға Олимпиада чемпиондары, әлемдік рейтингтің көшбасшылары және былтырғы жеңімпаздар шақырылған. Барлығы 37 елден 132 спортшы қатысуда. Жеңімпаздарға: 5 000 евро, 4 000 евро,  2 000 евро сыйақы беріледі.