София қаласында (Болгария) көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді. Халықаралық дода 28–30 наурыз күндеріне жоспарланған, деп хабарлайды Sport+.

Халықаралық гимнастика федерациясы жарысқа қатысатын спортшылардың ресми тізімін жариялады. Оған сәйкес, Қазақстан құрамасының атынан Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова қатысады.

Жалпы турнирге 95 гимнаст қатысады деп күтілуде.