«Елімай» клубының жартылай қорғаушысы Никита Корзун «Шахтер» қақпасына дубль соғып, Қазақстан чемпионатының үздік үш бомбардирінің қатарына кірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Беларусьтік жартылай қорғаушының еншісінде 7 гол бар, дәл осындай көрсеткішпен «Қайрат» ойыншысы Жоао Пауло да бөлісуде.

Чемпионаттың көшбасшылары — «Тобыл» ойыншысы Ислам Чесноков пен «Ордабасы» шабуылшысы Жасур Яқшибоев, олардың есептерінде сәйкесінше 9 гол бар. Екеуі де соңғы турда 1-2 голдан соғып, нәтижелерін жақсартты.