31 тамызда ел чемпионатының 19 туры аясында «Тобыл» өз алаңында «Атырауды» қабылдайды.
Командалар осы маусымда үш рет кездесті. Бұл ретте атыраулықтар «Тобылды» Қазақстан кубогында жарыс жолынан шығарды. Қостанайдағы кездесу 0:1 есебімен аяқталса, «Атырау» өз алаңында қарсыласын 4:0 есебімен жеңді.
Чемпионатта командалар Атырауда өткен ойында жеңімпазды анықтай алмады, кездесуді 0:0 есебімен аяқтады.
Осы маусымда «Тобыл» мен «Атырау» арасындағы төртінші матч Қостанайдағы орталық стадионда өтеді. Матчтың басталуы 18:00–де.
Тікелей эфирде матчты Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.
