«Оқжетпес» пен «Ақтөбе» жанкүйерлерге нағыз триллер сыйлады.
Көкшетаулықтар Бектемір Абдуманноновтың күшімен матчтағы есепті ашты. Алайда Виталий Латурнус әуелі таразы басын теңестіріп, кейін екінші таймның басында «қызыл-ақтарды» алға шығарды.
Матч тағдыры қосымша уақытта шешілді. Бұрыштамадан кейін Борис Лотоцкий есепті теңестірді – 2:2.
