«Бавария» вингері клубпен келісім шарт мерзімін ұзарту жөнінде келісімге келмеген көрінеді, деп хабарлайды Sky Sport журналисі Флориан Плеттенберг. 

Клуб ойыншыға жылына 15 миллион еуро ұсынған, тұрақты жалақы 12-13 млн еуроны құрау керек. Алайда Сане келіспей, команда сапынан кетіп қалды. 

29-жасар аяқдопшы «Галатасарайға» ауысуы әбден мүмкін. Түркия клубы оған аса жоғары қызығушылық танытқан.

Естеріңізге сала кетсек, Sport+ Түркия Суперлигасының Қазақстандағы ресми хабар таратушысы.