«Лудогорецтің» бас директоры Ангел Петричев Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың болгар клубына тағайындалуы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Бұл шындыққа жанаспайды. Станислав Черчесов – менің досым, бірақ біз оны бас бапкер ретінде қарастырмаймыз, өйткені ол қазір Қазақстан құрамасында жұмыс істейді», – деді Петричев.