Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Грозный қаласының клубы «Ахматпен» келісім шарт жасауы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan «Чемпионатқа» сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, бұл қызметке тағайындау 5 сәуір күні болмақ.
Жақында бас бапкер Мирослав Ромащенконың өз қызметінен кеткені белгілі болды.
Бұған дейін Магомед Адиев «Ахматтың» бапкерлік кеңесінде 2018-2019 жылдар аралығында жұмыс істеген. Оған қоса 46-жасар футбол маманы 2013-2017 «Теректің»дублін жаттықтырды. Қазіргі уақытта Адиев Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарады. Ол бұл қызметте 2022 жылдан бері.
