Қазақстан құрамасы мен «Ахмат» командасының бас бапкері Магомед Адиев маусым айының басында грознендік клубта қалатыны немесе кететіні анық болатынын айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұған дейін Адиев «Матч ТВ»-ға берген сұхбатында грознендік клубпен келісімшартты ұзарту мәселесі Қазақстан құрамасындағы жұмысына байланысты екенін айтқан болатын. 46 жастағы маманның «Ахмат» клубымен келісімшарты 1 маусымға дейін, ал Қазақстанның ұлттық құрамасымен 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.

— Сіз «Ахматта» қалатыныңыз немесе кететініңіз қашан белгілі болады?

— 28 мамырда мен Қазақстанға келіп, құрамамен өз міндеттеріме кірісемін. Нақты жауап екі жолдастық ойыннан кейін болады деп ойлаймын (7 маусым Армения  және 11 маусымда Әзірбайжан құрамаларына қарсы ойындар) — деді Адиев «Матч ТВ»-ға.