Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін жаттығуларда өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз еркін жаттығулардың финалында 13.600 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады.

Жарыс жеңімпазы Джейк Джарман (Ұлыбритания) болды — 14.866 ұпай. Күміс жүлдені тағы бір Ұлыбритания өкілі Люк Уайтхаус жеңіп алды — 14.666 ұпай. Қола медальді Карлос Юло (Филиппин) иеленді — 14.533 ұпай.

Айта кетейік, 2023 жылы Бельгияда өткен әлем чемпионатында Карими осы бағдарламада қола медаль жеңіп алған еді.

Ертең ол кермедегі жаттығулардың финалында өнер көрсетеді.