Қазақстан Паралимпиада ойындарын жеңіспен бастады, Милан Красавцева ширек финалға өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Паралимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Паратаэквондо бойынша 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (К 44-сынып), жеребе нәтижелері бойынша Милан Красавцева Доминикан Республикасынан Геральдо Диаспен жекпе-жек өткізді.
Негізгі жекпе-жек 8:8 есебімен тең аяқталды. Қосымша раундта Милана ширек финалға шығуды қамтамасыз етіп, 10:8 есебімен жеңіске жетті.
Келесі кезеңде біздің спортшы Мексика өкілі Джессика Гарсия Куиджианомен кездеседі.
