Үш қазақстандық тай боксшы Патры (Грекия) қаласында өтіп жатқан муайтайдан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. 

54 келі салмақ дәрежесінде Шәміл Ермағамбетов португалиялық Джоэлеи Колачоны жеңді, 29:28. Финалдағы қарсылас ресейлік Салават Исаев.

Алмаз Сәрсембеков (60 келі) Мохсен Альсибиани (Сауд Арабиясы) жеңді, 30:26. Сәрсембеков те ақтық сында ресейлік Меджид Темаевпен күш байқасады.

Әбіл Ғалиев (63,5 келі) жартылай финалда белорус Данил Дзедавецтен басым түсті, есеп – 29:28. Ендігі қарсылас Нгуен Доан Лонг, Вьетнам.

Elite дивизионының жартылай финалында қос қазақстандық ару қола жүлдегер атанды: Аида Хайруллина (67келі) әжен Алена Ожередова (75 келі).