«Тобыл» мен «Астананың» бұрынғы ойыншысы Серікжан Мужиков «Жетісуға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Журналист Айдын Қожахметтің айтуынша, қазақстандық жартылай қорғаушы қазірдің өзінде клубытың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында жүр.
Сондай-ақ, «Қайраттың» түлегі мен «Ақтөбенің» бұрынғы ойыншысы Ескендір Қыбырай да «Жетісудің» оқу-жаттығу жиынына аттанды.
Мужиков бұған дейін «Жетісу» сапында 2008-2013 жылдар аралығында өнер көрсеткен.
